Ұлттық академиялық кітапхана директоры тағайындалды

119

Бұл туралы ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ұлттық академиялық кітапхана директоры тағайындалды Фото: ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті

Күміс Сейітова ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Қарағанды облысында дүниеге келген.

Жезқазған педагогикалық институтын, Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті және "Болашақ" академиясын бітірген.

2004-2023 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соңғы лауазымы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.

2024 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу