Ұлттық академиялық кітапхана оқырмандарының саны 42%-ға артты

539

Оқырмандар саны 575 мыңға жетті.

Ұлттық академиялық кітапхана оқырмандарының саны 42%-ға артты Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында Ұлттық академиялық кітапхана оқырмандарының саны 42 пайызға артып, 575 мыңға жетті. Оның ішінде 56 мыңнан астамы тұрақты түрде кітапханаға келетін оқырмандар. Бұл туралы МСМ әлеуметтік желідегі парақшасының тікелей эфирінде кітапхана басшысы Ғазиза Нұрғалиева мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап. 

Оқырман санының артуының бір себебі - кітапхана қорын цифрландыру бағытындағы белсенді жұмыс. Ұлттық академиялық кітапхананың KazNEB ақпараттық порталын әлемнің 110 елінен 800 000-ға жуық қолданушы пайдаланады. Қазіргі уақытта порталдың ақпараттық қоры 70 691 құжатты құрайды.

Бұдан бөлек, жуырда KazNEB-тің мобильді нұсқасы іске қосылды. Бұл мобильді қосымша ешқандай тіркеуді қажет етпейді, App Store мен  Android-та 24/7 сағат қолжетімді.

Ал, жалпы кітапхананың кітап қоры - 1 487 105 дана, оның - 588 568-і қазақ тілінде. Сирек кітаптар, құжаттар, қолжазбалар қоры – 13 568 бірлікті құрайды.

"Биыл алғашқы жартыжылдықта кітапханамызға 1 млн 200 мыңнан астам адам келді. Оның ішінде кітап алуға, оқу залдарына, мәдени-ғылыми іс-шаралар, экскурсиялар келушілер бар. 2022 жылға кітап беру 1 949 610 құрады, оның 1 299 267 қашықтағы пайдаланушыларға",- деді ҚР МСМ Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Ғазиза Нұрғалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу