Ұлттық банк: "Bank RBK" АҚ-ның төлем қабілеттілігімен байланысты жағдай қалпына келтірілді

807

 Ұлттық банк: "Bank RBK" АҚ-ның төлем қабілеттілігімен байланысты жағдай қалпына келтірілді

Данияр Ақышев Delta Bank пен RBK Bank-тің қазіргі ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

2017 жылғы 3 қарашадан бастап "Delta Bank" АҚ банктік және өзге операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылды, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкімшілік тағайындалды. Бұл туралы Астана қаласында "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң жобасын таныстыруға арналған брифинг барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

"2017 жылғы 6 желтоқсанда Ұлттық банк Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "Delta Bank" АҚ-ның қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы өтініш берді", - деді Данияр Ақышев.

Ол 2017 жылғы 25 желтоқсанда "Delta Bank" АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сотта алдын ала тыңдалымның болатынын ескертті.

"Delta Bank" АҚ жағдайына қатысты Ұлттық банктің басшысы ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының аясында "Bank RBK" АҚ-ға шамамен 240 млрд. теңге сомасында мемлекеттік қолдау көрсетілгенін айтып өтті. Бұл ретте "Bank RBK" АҚ мен оның жаңа акционерінен банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер алынған.

"Қазіргі уақытта осыған дейін "бұрынғы" акционерлеріне және басқа да байланысты тұлғаларға берілген 595,8 млрд. теңге мөлшеріндегі проблемалық активтерді арнайы қаржы компаниясына беру мәселелері талқылануда", - деп ескертті бас банк төрағасы.

Жалпы, қаржы реттеушісінің айтуынша "Bank RBK" АҚ-ның төлем қабілеттілігімен байланысты жағдай қалпына келтірілді және банк тұрақты режимде жұмыс істейді. "Bank RBK" АҚ клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу