Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2017 жылғы 29 қарашада номиналы 500 теңгелік "proof" сапасымен "Дала қазынасы" монеталар сериясынан "Домбыра" ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады, деп хабарлайды nationalbank.kz.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі 1 миллиметр болатын бір гауһартас орнатылған, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – "proof". Сондай-ақ, монетаға гауһартас орнатылған, монеталарды алтындату технологиясы қолданылған, ең көп таралымы – 3 мың дана.
"Proof" сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ "Монеталардың Интернет-дүкені" www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының интернет – дүкені арқылы сатып алуға болады.