Ұлттық банк Қазақстан ұлттық валютасы – теңгенің 25 жылдығына "Теңге: 25 жыл бірге" атты деректі фильмнің анонсын ұсынды, деп хабарлайды ҰБ баспасөз қызметі.
25 жылда теңге ғана емес, еліміздің бүкіл қаржы жүйесі де бірнеше даму сатысынан өтті. Елдің қаржы нарығы барынша айқын болды, жаңа технологиялық және цифрлық шешімдер кеңінен енгізілуде, жаңа бағдарлар мен мақсаттар алға қойылуда, олардың көмегімен Қазақстанның қаржы жүйесі әрі қарай табысты дамуын жалғастырады.
"Теңге: 25 жыл бірге" атты деректі фильмнің премьерасы бүгін "Хабар" телеарнасында мемлекеттік тілде 17:30-да, орыс тілінде 15:00-де, сондай-ақ "KazakhTV" телеарнасында орыс тілінде 21:20-да көрсетіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу