Ұлттық банк 1,5 млрд теңгенің алаяқтыққа тән транзакцияларын бұғаттады

206

Ішкі істер министрлігі 11,5 мың оқиға бойынша қылмыстық іс ашты.

Ұлттық банк 1,5 млрд теңгенің алаяқтыққа тән транзакцияларын бұғаттады Фото: baq.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов алаяқтыққа тән транзакциялар туралы дерек алмасатын Антифрод-орталықтың қалай жұмыс істеп жатқанын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                 

– Иә, ол жұмысын бастаған. Жарты жыл болды. 1,5 млрд теңге аударылғалы тұрған жерінен бұғатталды. Мұны соншалық бір үлкен сома емес деп айтуға да болады. Бірақ алаяқтар 100 миллиондап ақша алдап алатын жайттар сирек кездесетіні түсінікті. Негізінен олар 100-300 мыңдап алуға тырысады ғой. 17 мың алаяқтық әрекеттің алдын алдық. Бұл жұмыс орталық ашылғанға дейін де жүргізіліп келген. Бірақ ведомстволар мен қаржы ұйымдарының күшін біріктіру енді ғана мүмкін болды. Бірақ ол жақта істейтін жұмыс әлі көп. Алаяқтар өте "өнертапқыш", – деді Тимур Сүлейменов Bizdiñ Orta подкастында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу