Ұлттық банк 1 тамыздан бастап активтердің сапасын бағалауға кіріседі

1294

Қазақстанның банк секторының жай-күйін зерттеу Еуропа Орталық банкінің әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Ұлттық банк 1 тамыздан бастап активтердің сапасын бағалауға кіріседі

Қазақстан Ұлттық банкі 2019 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанның банк секторы активтерінің сапасын бағалауға кіріседі, деп хабарлады бас банктің баспасөз қызметі.

"ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Ұлттық банктің 2018 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша сәуірде өткен кеңесте берген тапсырмасына сәйкес банк секторы активтерінің сапасын бағалау (AssetQualityReview - AQR) жүргізілетін болады. Бұл процесс ағымдағы жылғы 1 тамыздан басталады және еліміздің банк секторы активтерінің шамамен 87%-ын құрайтын 14 ірі банкке қатысты болады", – делінген хабарламада.

Бұл бағалау банктердің капиталға қажеттілігін анықтауға, портфельдің сапасына баға беруге, кредиттеу тәжірибесін талдауға мүмкіндік бермек.

Қазақстанның банк секторының жай-күйін зерттеу Еуропа Орталық банкінің әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады, онда сапаның бірыңғай халықаралық стандарттарын сақтауға кепілдік беріледі және халықаралық қоғамдастық жағынан бағдарламаның нәтижелеріне сенім қамтамасыз етіледі.

AQR-ды 2019 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу