Қаражатты енді депозитте немесе шет ел валютасында ғана емес, құнды металлда да сақтауға болады. Ұлттық банк 10, 20, 50, және 100 граммдық алтын құймаларды айналымға шығарды. Мақсат - үлкен көлемдегі капиталды түрлі түсті металдарға инвестициялау. Бүгіннен бастап бұл кесектерді Астана, Алматы, Өскемен және Атырау қалаларында сатып алуға болады. Бағалы металдан жасалған капиталдың ең арзаны 126 мың теңге көлемінде. 20 граммдық өнім 260 мың теңге. Ал 100 грамм тартатын алтын құймасы шамамен 1 миллион 200 мың теңге айналасында.
- Алтын құймаларды оп оңай сатып алуға және сатып жіберуге де болады. Алтынды алған азамат оны қайда сақтаймын десе де өз еркі. Құнды металдарды әзірге "Халық" және "Еруазиялық" бнкінен сатып алуға болады. Әзірге екі банк алтын құймаларын саудалауға келісімін берді. Өзге банктер қосылса біз құптаймыз, - дейді ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы Данияр Ақышев.
Алтынның бағасы әлемдік нарықтағы фиксингке байланысты құбылып отырады. Сондықтан баға бірде құлап, бірде өсетінін жасырмады бас банкир.
"Әзірге бұл пилоттық жоба. Егер халық арасында сұраныс артатын болса, соған сәйкес көп мөлшерде шығармыз" дейді Данияр Ақышев.
Алтын құймалар арнайы вакуумды қаптамамен қапталған. Ол егер ашылып қалса, ішіне ауа кіріп метал бүлінуі мүмкін. Әйтседе мұндай өнімді еш кедергісіз банктерге қайта сатуға болады екен.
Жалпы, ақшаны валюталарға қарағанда, бағалы металлмен сақтаған әлдеқайда тиімдірек дейді мамандар. Айта кетейін, алтын құймаларды алғашқы болып Нұрсұлтан Назарбаев сатып алған.