Ұлттық банк 2019 жылға инфляцияға қатысты болжамын жариялады

1264

Ұлттық банк 2019 жылға инфляцияға қатысты болжамын жариялады

2018 жылғы 30 қарашада Ұлттық банк кезекті болжамдық раундты аяқтады. Болжам кезеңі 2018 жылғы 4-тоқсан – 2020 жылғы 2-тоқсан аралығын қамтиды, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық банкі бүкіл болжам кезеңінде базалық сценарий ретінде мұнай бағасының бір баррель үшін 60 АҚШ доллары болатын сценарийді қарастырды.

Болжамдардың ағымдағы тәуекел профилі ішкі тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың, сондай-ақ мұнай бағасы құбылуының өсуімен байланысты проинфляциялық тәуекелдердің күшеюі аясында аздап нашарлады. Бұдан басқа сыртқы инфляцияның күшеюі және жағымды фискалдық серпін инфляцияның болжам жасау траекториясы үшін маңызды тәуекелдер болуын жалғастыруда.

Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы жылдық инфляция 2019 жылы 4-6% аралығындағы жаңа нысаналы дәлізге оның жоғарғы шегінде бола отырып, біртіндеп кіре бастайды. Алдыңғы "2018 жылғы тамыз-қыркүйек" болжамдық раундпен салыстырғанда инфляцияның траекториясы аздап төмендеу жағына қарай түзетілді, бұл 2019 жылы монополистер көрсететін қызметтер бағасының күтіліп отырған төмендеуіне байланысты.

Экономикалық өсу қарқыны, бағалауға сәйкес, 2019 жылы 2,7% (өткен болжамдық раундта 2,6%), 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта – 2,7% болады. Экономикалық өсу бойынша алғышарттар өзгерген жоқ. Экономиканың негізгі өсу драйвері ішкі тұтынушылық сұраныстың өсуін білдіреді. Инвестициялық белсенділіктің оң серпіні, бірінші кезекте, тау-кен өндіру саласында және тұрғын үй құрылысында сақталады. Тауарлар және қызмет көрсету экспортының ұлғаюы Қашаған кен орнындағы мұнай және газ конденсатын өндірудің одан әрі өсуіне байланысты болады.

ҚР Ұлттық банкінің жаңартылған бағалаулары бойынша Қазақстандағы шығарылымның қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада үзілуі проинфляциялық тұрғыдан әсер ете отырып, оң болады. Болжамдық кезеңнің соңында оң үзіліс әлсіз оң аймақта қала отырып, біртіндеп қысқара бастайды.

Қазақстанның экономикасы сыртқы күйзелістерге ұшырағыш болып қалуда, мұнай бағасы бұрынғыдай экономикалық белсенділіктің серпінін анықтайтын маңызды фактор болып табылады.

"2018 жылғы қараша-желтоқсан" болжамдық раундтың нәтижелері бойынша неғұрлым толық ақпарат ҚР Ұлттық банкінің интернет-ресурсында 2018 жылғы 3-тоқсан үшін "Инфляциялық шолуда" жарияланатын болады.

Пікіртерімге және ірі инвестициялық банктер мен халықаралық институттардың (Thompson Reuters, Bloomberg, Дүниежүзілік банк, ХВҚ) болжамдарына сәйкес Brent сұрыпты мұнайдың орташа бағасы 2019 жылы бір баррель үшін 75,8 АҚШ долларын (өткен болжамдық раундта бір баррель үшін 69,5 АҚШ доллары) құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу