Ұлттық банк 2020 жылы 24 мың күміс монета шығармақшы

1288

Екі жылда айналымға 1,2 млн монета кіреді. 

Ұлттық банк 2020 жылы 24 мың күміс монета шығармақшы

LS  сайты Ұлттық банктің монета өндірісіне қатысты жоспарын жариялады. Ақпарат порталының жазғанына сенсек, 2021 жылға дейін бағалы және құнсыз металдардан 1,2 млн дана монета жасау көзделген. 
2020 жылы 1,8 мың алтын монета мен 24 мың күміс монета, 2021 жылы 1000 алтын монета мен 17,6 мың күміс монета шығару жоспарланған. Ал мельхиор қоспасы мен нейзильбер металынан жүздеген мың монета жасалмақ. 

"2017 жылдан бері Ұлттық банктің коллекциялық монеталарын ресейліктер де сатып ала бастады. Ал Facebook-тегі бейресми топта 55 мемлекеттің өкілдері тіркелген. Соңғы кезде Ұлттық банк шығарған монеталар түгелдей сатылатын болған", – деп жазады LS.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу