Ұлттық банк 2022 жылдың соңына қарай инфляция 15%-ға дейін жетеді деп болжап отыр

750

Қазақстанда 2022 жылдың соңына қарай инфляция 13-15%-ға өскен дәлізде қалыптасады деп күтілуде, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Ұлттық банк 2022 жылдың соңына қарай инфляция 15%-ға дейін жетеді деп болжап отыр

"2022 жылдың соңына дейін импорттық өнімдерді қайта құрылымдау, елеулі сыртқы инфляциялық қысым, азық-түлік тауарлары  әлемдік жоғары баға болуына, сондай-ақ оң фискалдық серпін жағдайында инфляцияның 13-15%-ға ұлғайған диапазонында қалыптасуы күтілуде", – делінген Ұлттық банктің ақша-несие саясаты туралы есебінде (2022 жылғы маусым).

Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы инфляцияның 7,5-9,5%-ға дейін бәсеңдеуі күтілуде, 2024 жылы инфляция мақсатты дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 8%-ға жақындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу