Ұлттық банк: 2022 жылы ақпанда инфляция 6,2% болды

1203

Нақты инфляция – 8,7% болған.  

Ұлттық банк: 2022 жылы ақпанда инфляция 6,2% болды

Ұлттық банк 2022 жылғы ақпандағы инфляциялық болжам бойынша сауалнама нәтижелерімен бөлісті, деп жазды inbusiness.kz

"Инфляциялық болжам бойынша сауалнама жүргізу әлемдегі геосаяси жағдай күрт нашарлағанға дейін аяқталды. Осылайша, сұрақ-жауап нәтижелері респонденттердің инфляциялық күтулерінің өзгеруін толық көлемде көрсетпеуі мүмкін", – деп түсіндірді бас банкте. 

2022 жылы ақпанда инфляция 6,2%-ы құрады, нақты инфляция – 8,7% болды. 2022 жылғы ақпанда келесі 12 айда бағаның ағымдағы өсу қарқынының жеделдеуін немесе сақталуын күтетін респонденттердің үлесі 41%-ды құрады. Бұл 2021 жылы алынған нәтижелермен салыстырғанда аз.

"Респонденттердің 52%-ы өткен айда бағаның өзгеріссіз немесе бірқалыпты өсуін атап өтті. Өткен айда бағаның өсуін атап өткен респонденттердің көпшілігі азық-түлік өнімдерін таңдайды, олардың үлесі 87%-ы құрады. Респонденттердің басым бөлігі азық-түлік құрамында жемістер мен көкөністер, нан-тоқаш өнімдері, жарма, ет, сүт, өсімдік майы бағасының тез өскенін атап өтті", – деп толықтырды Ұлттық банкте. 

Өткен 12 айда бағалардың тезірек өсуін байқаған қазақстандықтардың үлесі 63%-ды құрады.

2022 жылы ақпанда ақшалай жинақтары бар халықтың үлесі 17%-ды құрады. 

"Респонденттердің көпшілігі қазіргі уақыт ақша жинау үшін қолайсыз деп санайды (38%). Жинақтары бар респонденттердің басым бөлігі жинақтардың соңғы жылда өзгермегенін және өсуін (тиісінше 42% және 32%) атап өтті. Сұралғандардың негізгі бөлігі өткен 12 айда жеке материалдық жағдайын өзгеріссіз болғанын жеткізді (респонденттердің 54%), респонденттердің 34% оның нашарлағанын атап өтті", – деп жазылған сауалнама нәтижесінде. 

1 жыл және 5 жылдан кейін елдің даму перспективаларын оң бағалайтын сұралғандардың үлесі тиісінше 52% және 50%-ды құрады. Респонденттердің басым бөлігі бір жылдан кейін жеке қаржылық жағдайы жақсарады деп есептейді (респонденттердің 39%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу