Ұлттық банк: 2023 жылы инфляция 7,5-9,5%-ға дейін баяулайды

628

ҚР Ұлттық банкі ақша-кредит саясаты аясында 2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5%-ға дейін баяулайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық банк: 2023 жылы инфляция 7,5-9,5%-ға дейін баяулайды

Сондай-ақ әлемдегі азық-түлік бағасы өсімінің баяулауы, негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның баяулауы да инфляцияны тежейтін болады. Бұл туралы "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" мәселе бойынша Мәжілістің пленарлық отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.

"Халықаралық валюта қорының болжамдарына сәйкес, әлемдегі инфляция бұрын күткеннен жоғары деңгейде ұзағырақ қалып отыр және ол 2022 жылдың соңында 8,8%-ға дейін жетуі мүмкін. Одан кейін Халықаралық валюта қоры жаһандық инфляция 2023 жылы 6,5%-ға дейін және 2024 жылға қарай 4,1%-ға дейін бәсеңдейді деп болжайды", – деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ тауар импорты жоғары деңгейде сақталады деген болжам бар. Бұған дейін Ұлттық банк қыркүйек айында жылдық мәндегі инфляция 17,7%-ға жеткенін мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу