Ұлттық Банк AI•KÚN және TÚIE коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

285

AI•KÚN коллекциялық монетасының дизайны қарама-қайшылықтар бірлігі түсінігіне негізделген.

Ұлттық Банк AI•KÚN және TÚIE коллекциялық монеталарын айналымға шығарады Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі "Сиқырлы нышандар" сериясынан AI•KÚN және "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясынан TÚIE коллекциялық монеталарын айналымға шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты қосымша ақпарат ҚҰБ ресми сайтында жарияланады.

AI•KÚN коллекциялық монетасының дизайны қарама-қайшылықтар бірлігі түсінігіне негізделген. Күн батылдық пен белсенділікті білдірсе, ай тыныштық пен шығармашылықтың символы болып табылады. Монета жоғары бедерлі, алтын жалатылған және екі жақты тотығу технологиясы қолданылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы –  antique silver, номиналы – 500 теңге, таралымы – 3 000 дана.

TÚIE – "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясымен шығып жатқан алтыншы монета. Оның дизайнында сақ стилінде бейнеленген жануардың натуралистік және трафареттік көрінісі біріктірілген.

Көшпенділер мәдениетінде түйе адамгершілік пен тәуелсіздік, күш-жігер мен төзімділіктің бейнесі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу