Ұлттық Банк айналым мерзімі 91 күн болатын ноттар шығарылымын алып тастайды

705

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын жүзеге асыру аясында айналым мерзімі 28 және 91 күн болатын ноттар шығарады.

Ұлттық Банк айналым мерзімі 91 күн болатын ноттар шығарылымын алып тастайды

"Бұрын жарияланған талапқа сәйкес, АКС іске асыру процесін жетілдіру, трансмиссиялық тетіктің тиімділігін арттыру және өтімділікті Қаржы министрлігінің борыштық құралдарына қайта бағыттауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк 91 күндік шығарылымды алып тастау және қысқа мерзімді өтімділікті реттеуге назар аудару туралы шешім қабылдады", – деп жазылған бас банк хабарламасында.  

Ұлттық банк қабылданған шаралар нарыққа қатысушыларды өтімділік ағынын болжауды жақсартуға ынталандырады деп күтеді. 

2022 жылдың III тоқсанына арналған ноттарды шығару кестесімен сілтемеге өтіп, танысуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу