Ұлттық банк ақша-кредит саясатының болжамын жаңартты

795

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ел экономикасы соңғы 7 айда 2,7%-ға өскенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ұлттық банк ақша-кредит саясатының болжамын жаңартты

"Жыл қорытындысында Ұлттық банк ішкі жалпы өнім 3,7%-ға өсіп, дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралатынны болжап отыр. Ұлттық экономика соңғы 7 айда 2,7%-ға өсті", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының мәлімдеуінше, Қазақстанның тәуелсіз рейтингі Moody's агенттігі тарапынан 2006 жылдан бастап алғаш рет "Baa2" деңгейіне дейін көтерілді, сондай-ақ Fitch агенттігі тарапынан "BBB" деңгейінде расталды, екі жағдайда да тұрақты болжамға ие болды. 

"Жоғарыда айтылғандар негізінде Ұлттық банк әлеуметтік-экономикалық дамудың 2022-2026 жылдарға арналған болжамы үшін негізгі ақша-кредит саясаты және төлем балансы көрсеткіштерінің болжамын жаңартты", – деді Ерболат Досаев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу