Бүгін еліміздің депозиттерге кепілдік беру қоры үшін үлкен тарихи оқиға. Ұлттық банк өз активтерін басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Осыған байланысты Алматыда тиісті келісімдерге қол қою рәсімі өтті. Мұндағы басты мақсат – қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету, табыстылығын және өтімділігін арттыру, сондай-ақ, құнсыздану қаупін азайту. Қор тиісті тәуекелдерге баға беріп, сараптаудан өткізген соң ғана осындай қадамға барғандарын айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу