Алаяқтар мессенджерлерде Қазақстан Ұлттық Банкі немесе өзге мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған аккаунтын пайдаланады.
Ал профиль шынайы көрінуі үшін жалпыға қолжетімді дереккөздерде, оның ішінде ведомстволардың ресми ресурстарында орналастырылған суреттер мен эмблемаларды қолданады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ұлттық Банк азаматтарды қырағы болуға және жасырын ақпаратты үшінші тұлғаларға хабарламауға, мессенджердегі күдікті хабарлар мен телефон қоңырауларына сенбеуге, сұратулардың түпнұсқалығын қайта тексеруге және ақша аударымдарын жасамауға, күмәнді сілтемелер мен файлдарды ашпауға, сондай-ақ HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer және т.б. қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды орнатпауға шақырады", - деп хабарлайды.
Сонымен қатар, алаяқтар өздерін мессенджердің техникалық қолдау қызметінен деп таныстырып, азаматтарға аккаунтын жоюға өтініш беру туралы хабарлама жібереді. Бұл шешімнің күшін жою үшін азаматтарға сайтқа өтуді ұсынады.
Бұдан бөлек, алаяқтар жалақысы жоғары перспективалы жұмыс туралы хабарламалар таратады немесе қоғамдық орындарда QR-кодтар жариялайды.