Ұлттық банк әлемде теңдесі жоқ монетаны айналымға шығарды. "Қазақстанның флорасы мен фаунасы" сериясындағы "Балқаш алабұғасы" коллекциялық монеталардың таныстырылымы бүгін Алматыда өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Теңгенің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған көремеде бас банк мамандары келушілерге алтын мен күміс ақшалардың артықшылықтарын айтты.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында өткен көрме барысында ұлттық банк мамандары қазақстандықтарға инвестициялық монеталарға қаражат салуға кеңес берді. Монетаның бұл түрі капиталды сақтауға және көбейтуге септігін тигізеді екен. Ең бастысы, Лондон қор биржасында жағдайды бақылауда ұстау керек. Сол кезде ғана жеке жинақтарды айтарлықтай арттыруға болады екен.
"Инвестициялық монеталардың бағасы күн сайын өзгеріп тұрады. Өйткені, алтынның құны әрдайым өсіп тұрады. Құнды металлдың арзандауын сирек кездестіреміз. Сондықтан, инвест монеталарға қаржы құйсаңыз 1-2 жылда табыс табуға болады деген сөз, - дейді ҚР ҰБ Басқарма басшысы Алмат Басенов.
Төл валютаның мерейтойы қарсаңында Ұлттық банк қазақстандықтар үшін тосынсый жасады. Өйткені, "Балқаштың алабұғасы" атты коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. 3Д форматында жасалған бұл монеталарға аса жоғары бедер технологиясын қолданылған дейді, жасап шығарғандар.
"Әлемдегі сенсациялық монетаның бедері 3,5 миллиметрге дейін жетеді. Бұл дүниежүзіндегі монеталардың ешқайсысында қолданылмаған. Оған қоса, мұндағы бейнелер құйылып емес, қолыммен жасалған. Монета Қазақстан теңге сарайын 1,5 жыл жасалды. Таныстырылымы Берлинде өткен Халықаралық монеталардың көрмесінде өтті", - деді ҚР ҰБ Бас маманы Айжан Машеева.
"Балқаш алабұғасының" екі түрі бар. Бірі номиналы 1 мың теңгелік күмістен жасалған монета. Ал, 200 теңгелік монета мельхиордан дайындалған. Одан өзге, "Көкбөрі" және "Теңгеге 30 жыл" монеталары да таныстырылды. Коллекциялық болсын, инвестициялық болсын монеталарды Ұлттық банктен сатып алуға болады.