Ұлттық банк алтын қорын толықтырды

149

Қазақстан – әлемде ең көп алтын сатып алатын мемлекеттердің бірі.  

Ұлттық банк алтын қорын толықтырды Фото: Blooomberg

Ұлттық банк былтыр бағалы металл қорын 57 тоннаға арттырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл – 1993 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қазір қорда 340 тонна алтын бар. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сулейменов еліміз таза алтын сатып алуды тоқтатпайтынын жеткізді.

Кейінгі 3 жылда өндіріс те қарқынды. Мәселен, былтыр 72 тонна толық тазартылған алтын өндірілген. Ал тазартылмаған алтынның көлемі 127 тоннадан асады.

Елдегі тазартылған алтынның өндірісі:

  • 2021 - 66,6 тонна;
  • 2022 - 73,2 тонна;
  • 2023 - 73 тонна;
  • 2024 - 74,2 тонна;
  • 2025 - 71,2 тонна.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу