Ұлттық банк "Сиқырлы нышандар" сериясынан асыл тасты "Ақық" коллекциялық монетасын айналымға шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
925 сынамалы күмістен жасалған монетаға ақық тасы қондырылған. Ол зергерлік бұйымдар мен сәндік заттарда қолданылады. Монетаның көркемдік безендірілуінен қазақ зергер өнерінің қолтаңбасы айқын көрінеді. Жоғарғы бөлігінде алқа бауын тағуға мүмкіндік беретін арнайы баулық қарастырылған.
Ұлттық банк хабарлауынша, монетаның номиналы 1000 теңге, 5000 данамен таралады. Жуырда интернет-дүкенде сатылымға шықпақ.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай барлық төлем түрінде қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.