Ұлттық банк арандатушыларды іздеп, құқық қорғау органдарына жүгінді

995

ҚР Ұлттық банкі әлеуметтік желілерде, сондай-ақ WhatsApp және басқа да мессенджерлер арқылы тарап жатқан ақпараттарды жоққа шығарды.

Ұлттық банк арандатушыларды іздеп, құқық қорғау органдарына жүгінді

"Депозиттердің әкетілуі, банктердің ақша беруден бас тартуы, банктердің бөлімшелерінде валютаның жетіспеуі туралы дәйексіз және арандатушылық ақпарат таратылуда. Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық банкі барлық банктерде қажетті валюта қорлары бар екендігін, Ұлттық банктің аумақтық филиалдары жоспарланған режимде банктерді қолма-қол ұлттық және шетел валютасымен қамтамасыз етіп жатқандығын хабарлайды",– делінген бас банк таратқан хабарламада.

Ұлттық банк депозиттік база тұрақты екендігіне, банктердің клиенттеріне қызметтер толық көлемде көрсетіліп жатқандығына сендіреді.

"Қазақстан Ұлттық банкі барлық фактілер бойынша жалған ақпарат авторларын және таратушыларын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына жүгініп отыр",– дейді бас банк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу