Ұлттық Банк ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарды

455

Монеталар 3 шілдеден бастап Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Ұлттық Банк ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарды Фото: nationalbank.kz

Ұлттық Банк 1 шілдеде елорданың мерейтойына орай "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, деп жазады inbusiness.kz ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ASTANA. 25 JYL монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 20 000 дана.

“Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу