Ұлттық Банк "Аю" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

160

Аю – күш-қуат пен табандылықтың, табиғатпен үйлесім табудың символы. 

Ұлттық Банк "Аю" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясының AIÝ коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күмістен жасалған 1 000 теңгелік, сондай-ақ мельхиор қоспасынан жасалған 500 және 200 теңгелік AIÝ коллекциялық монеталарын 2024 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Монеталар "Қазпошта" АҚ арқылы жеткізіледі.

Номиналы 5 000 теңге болатын AIÝ коллекциялық монеталары 2024 жылғы 23 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкеніне kazcoins.nationalbank.kz сатуға шығарылады, монеталарды сатып алушылар өздері алып кетуі керек.

AIÝ (аю) – "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясының жетінші монетасы. Монета дизайнында жануардың табиғи және трафареттік бейнесі сақ стилінде үйлесім тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу