Ұлттық банк бағам саясатына халықтың сенімін арттыратын тетіктерді әзірледі

1060

Ұлттық банк ұлттық қор трансферттерінің валюта нарығындағы айырбасын жариялап отыруға тиіс. 

Ұлттық банк бағам саясатына халықтың сенімін арттыратын тетіктерді әзірледі

Ұлттық банк 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қор трансферттерінің валюта нарығындағы айырбасын ай сайын және тоқсан сайын жариялап отыруға тиіс. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы теңге бағамының тұрақсыздығы мәселесіне де тоқталып өтті.

"Бұл – біздің кәсіпкерлеріміз бен азаматтарымызды алаңдатып отырған мәселе. Менің тапсырмам бойынша Ұлттық банк бағам саясатының ашықтығын, сол арқылы оған халықтың сенімін арттыратын тетіктерді әзірледі. Ұлттық банк 2020 жылдың 1 қаңтарына бастап ұлттық қор трансферттерінің валюта нарығындағы айырбасын ай сайын және тоқсан сайын жариялап отыруға тиіс. Сонымен бірге айырбас кестесі де жарияланады. Ақша-несие саясатының стратегиясы қабылданады", – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті өзінің Жолдауында микро және шағын бизнес табыс салығынан үш жылға дейін босатылатындығы айтылғанын еске салды.

"Оларды тексеруге дәл осындай мерзімге мораторий жарияланды",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу