Ұлттық банк банктерге ұзақ мерзімді қор беру механизмін жетілдіреді

798

Ерболат Досаев экономиканың нақты секторындағы бірқатар кәсіпорындардың шектен тыс кредиттелуі және төлем жасау қабілетсіздігі бизнесті одан әрі кредиттеуді тежеп тұрғанын айтты.

Ұлттық банк банктерге ұзақ мерзімді қор беру механизмін жетілдіреді

Экономиканы қолжетімді кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк "қарапайым заттар экономикасын" кредиттеу үшін банктерге ұзақ мерзімді қор беру механизмін жетілдіреді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында айтты.

"Бағдарлама бойынша бөлінетін 600 млрд теңге Ұлттық банктің ноттарын немесе басқа қаржы құралдарын сатып алу мүмкіндігісіз бекітілген бағыттар бойынша кредиттер беруге ғана пайдаланылады. Банктердің облигацияларын сатып алу әлеуетті жобалардың тізімі болған кезде ғана жүзеге асырылады, ал банктердің облигацияларын сатып алуға жаңа транштар бұрын бөлінген қаражат толық игерілгеннен кейін бөлінеді", – деп хабарлады Ерболат Досаев.

Ол экономиканың нақты секторындағы бірқатар кәсіпорындардың шектен тыс кредиттелуі және төлем жасау қабілетсіздігі бизнесті одан әрі кредиттеуді тежеп тұрғанын атап өтті.

"Сондықтан кредиттеу процесін жандандыру үшін үкімет тарапынан капиталы жеткіліксіз немесе теріс кәсіпорындарды жедел қалыпқа келтіру шараларын қабылдау маңызды деп санаймын", – деді Ұлттық банк басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу