Ұлттық банк басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірісі 806 млрд теңгеге жетті

БЖЗҚ бас банк басқаруындағы активтер туралы ақпарат жариялады.  

Ұлттық банк басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірісі 806 млрд теңгеге жетті

БЖЗҚ дерегінше, ұзақ мерзімді кезеңде табыстылықты арттыру және тәуекелдерді азайту мақсатында зейнетақы активтерінің портфелін одан әрі әртараптандыру, ондағы неғұрлым табысты құралдарды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

"Негізгі инвестициялардың ағымдағы құрылымы мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің

облигациялары – шамамен 48%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 12%,

банктердің облигациялары мен депозиттері – 8%, шет мемлекеттердің МБҚ - 6%, халықаралық

қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары - 3%, қазақстандық эмитенттердің корпоративтік бағалы

қағаздары - 2%, сыртқы активтерді индекстік басқару – 20%", – деп хабарлады зейнетақы қоры.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 71,47%, АҚШ долларында – 28,46%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.

"Егер алынған кірістің құрылымын талдайтын болсақ, онда бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 720,78 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 223,31 млрд теңге, өзге кірістер – 11,81 млрд теңге болғанын көруге болады. Бірақ сыртқы басқарудағы құралдар 149,86 млрд теңге көлемінде шығын әкеліп, бұл биылғы жылы алынған инвестициялық табысқа геосаяси факторлардың әсерін растайды. Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес күніндегі инвестициялаудың барлық бағыттары табыс әкелді. Атап айтқанда, сыртқы басқарудағы активтер бойынша 161 млрд теңгеден астам кіріс алынды", – деп хабарлады БЖЗҚ.

Дегенмен, 2022 жылдың 11 айындағы жалпы табыс оң сипатқа ие. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері жыл басынан бері 806 млрд теңгеге жетті.

2022 жылғы 11 айдағы зейнетақы активтерінің кірістілігі - 5,78%, соңғы 12 айда (2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қарашаға дейін) - 5,91%. 2014 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейінгі кезеңде жинақталған инвестициялық табыс 6,8 трлн теңге. 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі 8 жыл ішінде жылдық мәнде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі орташа алғанда жылына 9,68% көрсеткішке ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу