Ұлттық Банк басшысы биылғы жылдың 11 айын қорытындылады

1004

Ұлттық Банк басшысы биылғы жылдың 11 айын қорытындылады

Қазақстан экономикасы айырбастау бағамының жаңа талаптарына бейімделді. Жылдық инфляция бір таңбалы мәнге дейін төмендеді. Бұл туралы Ұлттық Банк басшысы Д. Ақышев ҚР Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Ол инфляция бойынша  ҚРҰБ деректерін келтірді, оған сәйкес 2016 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша инфляция 1,2%, ал жыл басынан –  7,5% деңгейінде қалыптасты, делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада. 

 "Өткен жылғы тамыздан бастап теңгенің айырбастау бағамының өзгеруі 2016 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша 78% болған, ал жылдық инфляция бір таңбалы 8,7%-ға дейін төмендеген жағдайда бағамды түзетудің әсерін ішкі бағаларға ауыстыру процесі аяқталды деуге болады", – деді Д. Ақышев. Оның айтуынша отандық экономика айырбастау бағамы талаптарының өзгеруіне бейімделді.

"Жақын арадағы 2 айда инфляция белгіленген 6-8%   дәлізге жетіп, 2017 жылы бойы дәліз ішінде болады", – деп Д. Ақышев.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Үкіметінің "Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы" отырыс өтті. Отырыста Ұлттық Банк басшысы 2016 жылғы қаңтардан бастап қарашаға дейінгі кезеңдегі ҚРҰБ жүргізетін ақша-кредит саясатының нәтижелері және Қазақстанның қаржы нарығындағы ахуал туралы хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу