Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға доллар сатып алмауға кеңес берді

253

Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға теңгені депозитте сақтауға не жылжымайтын мүлік сатып алуға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға доллар сатып алмауға кеңес берді Фото: www.nationalbank.kz

"Қазір доллар жинақ құралы болмауы қажет, өйткені теңгелік құралдар жақсы кіріс береді. Бүгін біз базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл тиісінше жеке тұлғалар үшін депозит мөлшерлемелерін арттыруы мүмкін. Ақшасын банкке депозитке салғысы келетін қарапайым қазақстандықтар үшін депозит кірісі де артады. Сондықтан асығыс әрекет жасамауды ұсынар едім", – деді ол.

Сүлейменов доллар сатып алудан гөрі теңгелік депозит үлкен табыс әкелетінін айтты.

Оның пікірінше, қазақстандықтар өздерінің экономикалық жүйесінде қалуы керек.

"Депозит нарығы бар, халықтық IPO бар. Көпшілік сияқты жылжымайтын мүлікке инвестиция сала аласыздар. Яғни, Қазақстанда бар, өзіміз жақсы түсінетін құралдарды таңдаңыздар, доллар секілді емес олар біздің бақылуымызда. Ертең жаңа сайланған АҚШ Президенті Дональд Трамп басқа экономикалық шараларды қабылдап, доллар құлдырап кетуі мүмкін", – дейді Ұлттық банк төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу