Ұлттық банк базалық ставканы 9 пайыз деңгейінде қалдырды

991

Ұлттық банк базалық ставканы 9 пайыз деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ұлттық банк базалық ставканы 9 пайыз деңгейінде қалдырды

Бұл туралы реттеушінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  Дерекке сүйенсек, ставка дәлізі  1 жарымнан 1 базистік пункте дейін қысқарды. Сәйкесінше, қаржы нарығындағы өтімділік операцияларының пайыздары да өзгерді. Дәлірек айтқанда, қаржы ұйымдары қолма-қол ақшаны 8 пайызбен өткізіп, 10 пайызбен алады. Реттеуші бұл құбылысты нарықтағы жағдайдың тұрақсыздығымен байланыстырды. Елдегі эпиджағдай да  инфляцияға әсер еткен. Қарашада құнсыздану көрсеткіші 7,4 пайызды құрап, Ұлттық банктің межелі дәлізінен асып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу