Ұлттық банк базалық ставканы көтерудің себептерін түсіндірді

647

Ұлттық банк базалық ставканы амалсыздан көтергендерін мойындады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ұлттық банк базалық ставканы көтерудің себептерін түсіндірді

Шілде айынан бері, осымен, 3-ші мәрте көтеруге инфляциялық қысымның әбден қысып жіберуі әсер еткен көрінеді. Шарасыз күйге түскен реттеуіш құрылым негізгі мөлшерлемені 9,75 пайызға дейін көтерді.

Осылайша, бас қаржы институты бетімен кеткен инфляцияны ауыздықтап, келесі жылы 4-6 пайыздық дәлізге қайтаруды көздеп отыр. Бірақ мұның қаншалықты тиімді іске асатыны әзірге белгісіз. Себебі қыркүйектің өзінде елдегі бағалар индексі 9 пайызға жетті. Бұл – Ұлттық банктің межелі дәлізінен анағұрлым жоғары. Ұлттық банктің бұл қадамы шаруаларды тығырыққа тірейді. 

"Онсыз да қымбат несиелер одан бетер шарықтап, тіпті, қолжетімсіз болады" – деді Сенатор Ақылбек Күрішбаев

Ал бұдан ауылшаруашылығы өнімдері арзандауынан орнына, керісінше, қымбаттай бермек. Осы ретте депутат ставканы көтере бергенше, аграрийлерге пайызы төмен, ұзақ мерзімді кредит берудің жолдарын қарастыру керектігін айтады.

"Сондай-ақ Үкімет субсидиялауды көлеңкеден шығарып, үрдісті ашық етуі тиіс" – дейді сенатор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу