Ұлттық банк бірқатар маңызды шара қабылдады

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің өзі айтып берді.  

Ұлттық банк бірқатар маңызды шара қабылдады Фото: nationalbank.kz

Оның сөзінше, тұрақты қаржылық саясат бағытында жұмыс жалғаса түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет отырысында сөз алған Тимур Сүлейменов инфляцияның өсу тәуекелін азайту үшін дезинфляциялық саясатты жүргізетініне тоқталды.

– Ұлттық банк макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады. Инфляцияның өсу тәуекелін азайту үшін дезинфляциялық саясатты жүргіземіз. Ақша-кредит саясаты құралдарынан бөлек қосымша шаралар қабылданады, – деді ол.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы инфляциямен күресте бірнеше маңызды шара қарастырылғанын жеткізді.

Олар:

  • Алтын сатып алу шеңберінде валюталық операцияларды теңдестіру жалғасады;
  • Жеке тұлғалардың несиелері бойынша контрциклдік капитал буферін енгізу туралы шешім қабылданды;
  • Банктер үшін міндетті резервтердің ең төменгі талаптарын арттыру жұмысы пысықталып жатыр;
  • Активтерді басқару аясында Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфелінде жоғары кірістілікке ие активтердің үлесін ұлғайту;
  • Қаржы секторының цифрлық трансформациясы жалғасады. Цифрлық теңгені масштабтау жұмысы жүргізіледі.

Бұл цифрлық теңгені мемлекеттік қаржының жаңа бағыттарында енгізу мүмкіндіктерін пысықтауды қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу