Ұлттық банк нарық конъюнктурасы бойынша "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ зейнетақы активтерін ұзақ мерзімді банктік облигацияларға инвестициялау мәселесін қарастыруда. Бұл туралы бас қаржы институтының төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттық сауалға берген жауабында мәлім етті.
Оның айтуынша, бұл ретте банктер үшін бизнесті несиелеу бойынша талаптар мен арнайы міндеттемелер белгіленеді.
"Бұл қаражат экономиканы әртараптандыру мен дамытуға ықпал ететін нақты секторды несиелеуге ғана жұмсалады", – деп жазылған жауапта.
Ұлттық банк басшысы экономиканы несиелеуде тұрақты өсу факторларының бірі – банктерге ұзақ мерзімді жоспар құрып, қаржыландыруға мүмкіндік беретін тұрақты "ұзақ мерзімді" жобалар құру үшін жағдай жасау екенін атап өтті.