Ұлттық банк биыл жылдық инфляция 20-21% деңгейінде қалыптасады деп болжайды

563

Еліміздің қаржы реттеушісі ел экономикасына әсер ететін ішкі-сыртқы факторларды ескере отырып, инфляция болжамын қайта қарады, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық банк биыл жылдық инфляция 20-21% деңгейінде қалыптасады деп болжайды Фото: baq.kz

"Базалық сценарийде биыл болжам бойынша жылдық инфляция 20-21% деңгейінде қалыптасады. Бағалау бойынша инфляцияның шарықтау шегі 2023 жылдың 1-тоқсанында болады деп болжанады. Жоғары инфляциялық күту және дезинфляциялық сыртқы орта кезінде сауданы құрылымдық қайта құру нәтижесінде 2023 жылға инфляция бойынша болжам 11-13%-ға дейін көтерілді. 2024 жылы ішкі сұраныстың өсуі және күтудің мейілінше баяу төмендеуінен инфляция 7-9% шегінде болжанады. Инфляцияның осы траекториясы инфляциялық жағдайдың жеңілдеуіне қарай және дәнді дақылдардың бағасы тұрақталған cоң инфляциялық күтулер төмендеп, тарихи орташа деңгейде болатын жағдайда күтіледі. Бұл инфляцияның бұдан кейін нысаналы бағдарға жетуіне мүмкіндік береді" делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу