Ұлттық Банк болжамы расталды

Қазақстан экономикасы 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларында 4,3%-ға өсті.  

Ұлттық Банк болжамы расталды Фото: 7kun.kz

Осы туралы Ұлттық Банктің Төрағасы Ғалымжан Пірматовтың мәлімдемесінде жазылған.

"Бұл Ұлттық Банктің осы жылға белгілеген 3,5-4,5% деңгейіндегі болжамдарына сәйкес келеді. Нақты сектор 2,7%-ға, ал қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 5,0%-ға өсті. Биылғы ақпан айында тұтыну тауарларын өндіру көлемі едәуір өсті. Құрылыс жұмыстарының құрылымында көп пәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға берудің артқаны байқалады. Ішкі сұраныс – тұрақты. Бұл бөлшек тауар айналымының оң динамикасынан көрініп отыр.

Қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, бөлшек тауар айналымы нақты мәнде 12,9%-ға өсті", – деп хабарлады бас банк.

Өткен жылдың төмен базасына қарамастан, автомобиль, электрлік тұрмыс техникасы, азық-түлік өнімдері мен киім-кешек сату да бөлшек тауар айналымының ұлғаюына әсер етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу