БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігін шетелдік нарықтарға инвестициялау арқылы әртараптандыру және арттыру мақсатында Ұлттық банк валюталық үлесті шамамен 40% деңгейінде қолдауды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Осыған байланысты Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліне АҚШ долларын сатып алуды қайта бастайды. Наурызда сатып алуға қатысты жоспарлы көлем 250 млн АҚШ долларынан аспайды", – делінген мәліметте.
Валютаны сатып алу нарықтық конъюнктураға байланысты іске асырылады. Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы ретінде ұзақмерзімді кезеңде нақты кірістілікті алуды және оның сақталуын қамтамасыз етуді басты назарда ұстайтынын хабарлайды.