Ұлттық банк: БЖЗҚ тексерісіне қатысты пікір айтуға ерте

1038

Ұлттық банк: БЖЗҚ тексерісіне қатысты пікір айтуға ерте

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты жүргізіп жатқан тексерісі туралы пікір айтуға ерте деп мәлім етті Данияр Ақышев.

Қордың реттеушілердің қатысуынсыз қаржыны инвестициялайтынын атап өткен, Ұлттық банк төрағасы "Жалпы тексерістің басталуына не себеп болды?" деген сұрақты да жауапсыз қалдырды, деп жазады 24Хабар.

Еске сала кетейік, осыдан 1 апта бұрын Ұлттық қауіпсіздік қызметі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан қор биржасы арқылы 5 млрд теңгеге "Бузгул Аурум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облигацияларын сатып алғанына қатысты тексерісті бастады. Тіпті, бұл мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізіліп жатыр.

"Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы барын айтқым келеді. Қазір бізге ҰҚК-нің Алматы қалалық департаменті тексеріске Ұлттық банк қызметкерлерін тартуды сұрап жатыр. Тергеу аяқталмай ешқандай пікір айта алмаймын", – деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу