Ұлттық банк БЖЗҚ үшін ай сайын 200-250 миллион АҚШ долларын сатып алуды жоспарлайды

184

Бұл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) портфеліндегі валюталық үлесті 40% деңгейінде сақтау үшін қажет.  

Ұлттық банк БЖЗҚ үшін ай сайын 200-250 миллион АҚШ долларын сатып алуды жоспарлайды Фото: enpf.kz

Бұл туралы Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта есептеулер бойынша, біз жыл соңына дейін ай сайын валюталық нарықтардан 200-250 миллион доллар сатып аламыз, бұл түсімдер мен активтердің өсуін ескере отырып, 40% үлесті сақтау үшін керек. Егер бұл үлесті сақтамасақ, яғни егер биыл зейнетақы активтері үшін доллар сатып алынбаса, бұл үлес 40%-дан төмен 35%-ға дейін төмендеуі мүмкін", – деді Тұрсынханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу