Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін 191 миллион доллар иеленді

407

Валюта 2023 жылдың желтоқсанында сатып алынды. 

Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін 191 миллион доллар иеленді Фото: inbusiness.kz

Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттерді қамтамасыз ету және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның акцияларын сатып алу үшін желтоқсанда 646 млн АҚШ долларына валюта сатылған болатын. Ал Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 18%-ын және күніне 34 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ (ҚДКҚ) активтерінің валюталық үлесін ұлғайту аясында Ұлттық Банк желтоқсан айында 30 млн АҚШ доллары мөлшерінде валюта сатып алуды да іске асырды.

Айта кету керек, Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша республикалық бюджетке трансферт бөлуге 2024 жылғы қаңтарда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 1-ден 1,1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.

Сондай-ақ, 2024 жылғы қаңтар айында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін валюта сатып алу 100 млн-нан 200 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде, ҚДКҚ активтерінің валюталық үлесін арттыру үшін валюта сатып алу 30 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу