Ұлттық банк цифрлық теңге шығармақ

1097

Реттеуші аталған жүйенің артықшылықтары мен тәуекелдерін зерттеуде.

Ұлттық банк цифрлық теңге шығармақ Фото: inbusiness.kz

ҚР Ұлттық банкі цифрлық валюта бойынша пилоттық жобаны іске асырмақ, одан кейін цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz реттеушінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Цифрлық теңге – бұл Қазақстандағы ақшаның жаңа формасы, оны ҚР Ұлттық банкі шығарады. Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны немесе қолма-қол емес ақшаны алмастыруға арналмаған, бірақ қатар қолданылады. Цифрлық теңгені енгізу Ұлттық төлем жүйесінің одан әрі дамуын қамтамасыз етеді және ақшалай төлемдерге тәуелділікті төмендетеді", – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта Ұлттық банк Цифрлық валюталардың артықшылықтары мен тәуекелдерін зерттеуде. Реттеуші бұл жұмысты қаржы нарығының қатысушыларымен, сарапшылар қауымдастығымен және халықаралық серіктестермен бірге жүзеге асырады.

"Зерттеу шеңберінде Ұлттық Банк бөлшек цифрлық валюта бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды, цифрлық теңгенің әсерін бағалау бойынша бірқатар зерттеулер жүргізуді және цифрлық теңгенің ерекшеліктерін талқылау үшін нарық қатысушылары мен халықаралық серіктестермен бірнеше сессия өткізуді жоспарлап отыр", – деп жазылған хабарламада.

Осы жұмыстың нәтижелері бойынша Реттеуші технологиялық инфрақұрылымға және ұлттық цифрлық валютаға қатысты мәселелерді зерделеуге, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қойылатын талаптарды ескере отырып цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу