Delta Bank банктік және өзге де операцияларды жүргізу құқығынан айырылды

769

Delta Bank банктік және өзге де операцияларды жүргізу құқығынан айырылды

ҚР Ұлттық банкі 2017 жылдың 3 қарашасынан бастап "Delta Bank" АҚ-ны құнды қағаздар нарығында банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Delta Bank-тің төлем мен аударым операциялары бойынша келісімшарттағы тиімсіз міндеттемелерді (12 күнтізбелік айда үш және одан да көп рет) орындатуына және пруденциялық нормативтерді үздіксіз бұзуына және басқа да нормалар мен шектеулерді бұзуына байланысты Ұлттық банк басқарамасы осындай шешім қабылдады.

Ұлттық банктің бұйрығымен Delta Bank-тің барлық басқару органдарының құзыреті уақытша тағайындалған әкімшілік қолына өтті.

Ұлттық банк заңнамада бекітілген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату үшін сотқа жүгінеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық банк бірнеше рет "Delta Bank" АҚ-ның жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуына лицензиясын тоқтата тұрған еді.

Delta Bank-ке лицензия 2008 жылдың 24 қазанында ҚР қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігімен  берілген  болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу