Әлеуметтік желіде 3 айдан кейін Қазақстанда девальвация болып, банктер дефолтқа ұшырайды деген ақпарат тараған еді. Белгісіз біреулер банктегі депозитті алып, долларға айырбастауға шақырған.
Алайда орталық банк бұл ақпараттың негізсіз екенін айтып отыр.
Ұлттық банк таратқан мәлімдемесіне сүйенсек, қаржылық тұрақтылық пен дағдарыстың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Мысалы, теңгені қолдау үшін базалық ставка 13,5 пайызға дейін көтерілді. Теңгелік салымдардың құны түспеу үшін бюджет есебінен өтемақы қосылады.
Сондай-ақ теңгелік депозиттердің ставкасы көтерілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу