Ұлттық банк долларды алып-сату бағамын 7 теңгеге дейін белгілеуді ұсынды

178

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы мен сату бағамы арасындағы айырманы белгілемек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банк долларды алып-сату бағамын 7 теңгеге дейін белгілеуді ұсынды Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, “Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма қаулысының жобасы әзірленген.

Жобаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге деп белгілеу ұсынылып отыр.

Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған.

Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу