Ұлттық банк: Екінші жартыжылдықта теңге әлсірейді

3579

Мұнай арзандап, еліміздің экспорттан түсетін табысы азайды. 

Ұлттық банк: Екінші жартыжылдықта теңге әлсірейді

Теңге тағы  әлсірейді. Ұлттық банк екінші жартыжылдыққа осындай теріс болжам жасап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Реттеушінің мәліметіне сүйенсек, валюталық активтер өткен айда бірден 750 млн долларға қысқарған. Оның үстіне, мұнай арзандап, еліміздің экспорттан түсетін табысы азайды. Салдарынан ағымдағы шоттың тапшылығы 10 млрд долларға жетуі мүмкін. Нәтижесінде нарықтағы төлем тепе-теңдігіне бұзылып,  теңгенің құлдырауына әкеп соғады. 

Айта кету керек, реттеуші өткен айда интервенция жүргізген жоқ. Бірақ валюта нарығындағы жағдай ушығатын болса, Ұлттық банк араласуға уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу