Ұлттық банк елімізде агробанк ашуға келісім бермеді

541

Елімізде агробанк ашылмайтын болды. 

Ұлттық банк елімізде агробанк ашуға келісім бермеді Фото: 7kun.kz

Ұлттық банк шаруаларға арнап тағы бір банк құрудың ешқандай қажеті жоқ деген тоқтамға келіп, бұл ұсынысқа қарсылығын білдірді. Ұлттық банктің қаржы ұйымдарын дамыту департаментінің директоры Батырхан Иралимовтің сөзінше, Қазақстанның тәжірибесінде мұндай құрылымдар болған. Бірақ ешбірі жақсы нәтиже алып келмеді. Сондықтан қандай да бір салаларға қолдау қажет болса, оны мемлекеттік бағдарламалар арқылы алу керек. Қордаланған мәселелердің бәрін бір банктің айналасына шоғырландыру қауіпті,-дейді банк өкілі.

Ал Ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов мұндай банкті ашудың мақсаты айқын емес деген пікірде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу