Ұлттық банк: Елімізде кепілге қойылған пәтерлерді жалға алуға болады

611

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге кепілге қойылған пәтерлерді баспанаға мұқтаж адамдарға жалға беруге рұқсат етті. Бұл өзгеріс 1 шілде күні күшіне енген. 

Ұлттық банк: Елімізде кепілге қойылған пәтерлерді жалға алуға болады

Елімізде кепілге қойылған пәтерлерді енді жалға алуға болады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтемемен 24.kz хабарлайды.

Қаржы реттеушісі салымшылардың мүмкіндігін ескеріп, осындай қадамға барып отыр.

Сарапшылар 2017 жылы елдегі экономикалық ахуалды саралай келе ипотекалық несие алғандарды екі топқа бөліп қараған. Біріншісі шетел валютасымен несие алғандар, екіншісі ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысқанымен төлем қабілеті төмен борышкерлер. Ұлттық банк наурыз айында бұл бағдарламаға өзгеріс енгізіп, 2016 жылы шетел валютасымен ипотека рәсімдегендердің несиесін 2015 жылғы теңге бағамына  ауыстыру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бұл бағдарлама 2026 жылға дейін ұзартылды. Бірақ бағдарлама бойынша қайта қаржыландыруға өтініш осы жылдың 15 желтоқсанына дейін ғана қабылданады. Енді Ұлттық банк табысы төмен тұрғындар үшін тағы бір тиімді жағдай қарастырып отыр.

 "Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге кепілге қойылған пәтерлерді баспанаға мұқтаж адамдарға жалға беруге рұқсат етті. Бұл өзгеріс 1 шілде күні күшіне енген. Қазір оның механизмі ойластырылып жатыр. Егер салымшы кепілге қойылған пәтердің ай сайынғы ақысын төлеп бітсе, онда пәтер сол адамның меншігіне өтеді. Бұл бағдарламаға тек баспанасын банкке кепілге қойған тұрғындар ғана қатыса алады", - дейді ҚР ҰБ тұрғындардың қаржылық сауатын арттыру бөлімінің басшысы Миниса Хуснутдинова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу