Ұлттық банк ескертеді: "Алаяқтық жиілеп кетті"

435

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтық жиілеп кеткенін ескертті.  

Ұлттық банк ескертеді: "Алаяқтық жиілеп кетті" Фото: Inbusiness.kz

Алаяқтар өзінің "құзыретін" дәлелдеу үшін жалған құжат көрсетеді, - деп жазады inbusiness.kz.

"Алаяқтар азаматтарды алдап, ақша жымқыру мақсатында өзін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырып жүргенін естеріңізге саламыз. Сонымен қатар, бұл схемада "құқық қорғау немесе арнайы органдардың қызметкерлері" де айтылады. "Арнайы операция" немесе тексеру жүргізуді сылтау еткен алаяқтар іс-әрекетінің заңды екенін растау үшін қоңырау желісін "арнайы және құқық қорғау органдарының, Ұлттық Банктің қызметкерлеріне" жалғайды, жалған қызметтік куәліктерді, нұсқаулықтары бар хаттарды, сондай-ақ "қаражатты сақтандыру" және банк аударымдарын жүзеге асыру туралы деректемелерді жібереді", - делінген хабарламада.

Мұндай құжаттарда, көбіне несие қарызы немесе оның өтелуі, сондай-ақ қаражат айналымы туралы егжей-тегжейлі ақпарат болады. Қосымша құжаттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының "уәкілетті тұлғаларының" қолы, аты-жөні, мөрі және басқа да растайтын деректер көрсетіледі.

Сондай-ақ, кей жағдайда алаяқтар WhatsApp мессенджеріндегі профильдерді "бұзып", алаяқтық жасау үшін пайдаланады. Мессенджерді "бұзу" үшін олар ұтыс ойындары, әлеуметтік маңызы бар тақырыптар туралы сауалнама, дауыс беру сияқты түрлі сылтаумен таратылатын қауіпті сілтемелер жібереді. Хабарламаны алған адам сілтемені басқан кезде, алаяқтар WhatsApp мессенджеріндегі профильді иемденіп алады.

Әрі қарай алаяқтар профиль иесінің атынан оның жақын туыстарынан, таныстарынан, достарынан немесе әріптестерінен әртүрлі сылтаумен қарызға ақша сұрайды. Қаржыны банк картасына немесе үшінші тұлғалардың шотына аударуды сұрап, жаппай хабарлама таратады.

Бұл ретте әңгіме немесе хат алмасу кезінде алаяқтар бастан-аяқ психологиялық қысым көрсетеді, қоңырау желісін "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне" жалғайды, қылмыстық кодекстің баптарына сілтеме жасайды және құпияны сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу