Ұлттық банк ескерту жасады

852

Еліміздің бас банкі "Kүлтегін" түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкноттың айналыста болу мерзімі шектелмегенін хабарлады.

Ұлттық банк ескерту жасады

ҚР Ұлттық банкі "Kүлтегін" түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкноттың айналымда екенін, оны қабылдаудан бас тартқандарға айыппұл салынантынын ескертті.

"Kүлтегін" түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкноты заңды төлем құралы болып табылады және айналыста болу мерзімі шектелмеген, бұл банкноттар айналыстан табиғи тозу шамасына қарай алынады. Бұл банкнотты қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерлік субъектілер мен коммерциялық емес ұйымдарға ескерту жасалады",– дейді бас банктен.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде мұндай жағдай қайталанса, кәсіпкерлерге 5-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

"Осы банкнотты қабылдаудан бас тартылған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет. Бейнетіркелім жасауды не банкнотты қабылдаудан бас тартудың жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынамыз",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу