Ұлттық банк ескі үлгідегі АҚШ долларларын сатып алуға қатысты мәлімдеме жасады

161

Шетелдік контрсеріктестердің нарықтық бағамы негізінде комиссиялық сыйақы белгіленді.

Ұлттық банк ескі үлгідегі АҚШ долларларын сатып алуға қатысты мәлімдеме жасады Фото: dzen.ru

4 ақпанда Ұлттық банк ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларларын сатып алу мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.        

– 2024 жылы Ұлттық банк сұраныстан тыс қалған ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларларын кейін шетелге шығару үшін екінші деңгейлі банктерден сатып алу туралы шешім қабылдады. Өткен жылдың соңында Ұлттық банк 48 млн АҚШ доллары сомасына ЕДБ-дан қабылданған сұраныста жоқ қолма-қол АҚШ долларларын шығарды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Ұлттық банк тікелей АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесімен ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларларын қабылдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл өз кезегінде тасымалдау, сақтандыру секілді басқа да потенциалды шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, аталған операциялар бойынша комиссиялық сыйақы 0,3%-ға дейін төмендетілді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сұраныста жоқ жиналып қалған қолма-қол АҚШ долларларының мәселесін шешу үшін Ұлттық банк бұл операцияларды ЕДБ-ның тиісті сұрау салуына сәйкес уақытша шара түрінде жүргізетінін де нақтыламақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу