Ұлттық банк "Еуразия" СК-ның еншілес компаниясына лицензия берді

939

1995 жылы құрылған "Еуразия" СК Қазақстанның сақтандыру нарығында жетекші орынға ие. Бүгінгі таңда компания өз қызметін 75-тен астам елде жүзеге асырады және әлемнің 150 ірі қайта сақтандырушыларының қатарына кіреді.

Ұлттық банк "Еуразия" СК-ның еншілес компаниясына лицензия берді

Қазақстан Ұлттық банкі 4 наурызда "Еуразия" СК" АҚ еншілес компаниясы – "Еуразия" ӨСК" АҚ-ға "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру қызметтерін жүзеге асыруға лицензия берді, деп хабарланды компаниядан.

"Өмірді сақтандыру компаниясын құру туралы шешім әлемде қабылданған табысты one-stop-shop бизнес моделін іске асыруда қисынды қадам болды. Мұнда клиент барлық қызметтерді бір "терезеден" ала алады. Осылайша, "Еуразия" ӨСК еншілес құрылымын құру бірлескен сатудың табысты дамуына, яғни клиенттерге қызмет көрсету сапасының айтарлықтай өсуіне үлкен мүмкіндік береді", – деп түсіндірді компанияда.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Еуразия" ӨСК-нің жарғылық капиталы 5,4 млрд теңгені құрайды.

"Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығы даму үстінде. Біз оның болашағы мен әлеуетін жоғары бағалаймыз. Бұл саладағы жағдай ұзақ уақыттан бері тұрақтылығын жоғалтқан емес. Қазір елде "өмірді сақтандыру" қызметі бойынша үш компания жұмыс істейді", – деп мәлімдеді "Евразия" ӨСК басқарма төрағасы Гүлмира Убегалиева.

1995 жылы құрылған "Еуразия" СК Қазақстанның сақтандыру нарығында жетекші орынға ие. Бүгінгі таңда компания өз қызметін 75-тен астам елде жүзеге асырады және әлемнің 150 ірі қайта сақтандырушыларының қатарына кіреді.

Ағымдағы доллар бағамы -379,42 тг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу